Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Дата: 20.03.2020 | |
Просмотры: 151 | Печать страницы |

Елдігімізді, береке-бірлігімізді танытатын, игіліктің бастауы, ел тұтастығының арқауы болған, еліміздің аузы аққа, малымыздың тұяғы көкке тиген Ұлыстың ұлы күні Наурыз айының біз үшін ғана емес, адамзат баласына берер берекесі мол. Бұл ай мейірім мен шапағат, ынтымақ пен ырыс мейрамы, Самарқаның көк тасы жібитін айда адамдардың сыйластығы, бауырмалдылығы арта түседі, ренжіскен жандар татуласып, жаңа күнен жақсылық күтеді. Табиғат-Ананың мәрттігіне бас иіп, оны аялап жаңа ағаш көшеттерін отырғызады, бұлақ көзін ашады.Бұл ата-бабамыздан келе жатқан ұрпаққа берер тағылымы мол тәрбие. Наурыз мерекесі құтты болсын!