Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Әннің туын әуелеткен Қанабек»

Дата: 13.03.2020
Просмотры: 156 Печать страницы
«Әннің туын әуелеткен Қанабек»

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында  13 наурыз  күні  кітапхана оқырмандары арасында қазақ өнерінің мақтанышы, опера әншісі  Қанабек Байсейітовтің туғанына 115 жыл толуына орай «Әннің туын әуелеткен Қанабек» атты әдеби вернисаж кітапхана оқырмандары арасында өтті. Шараға  Өтенай ауылдық өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары шақырылды. Мақсаты: Қазақ өнерінің жарық жұлдызы, дара тұлға Қанабек Байсейітовтың  өнерін үлгі ету,  насихаттау.

 Шара барысында оқырмандарға танымал тұлғаның өмірі мен шығармашылығы жайлы кең көлемде мағлұмат берілді. Онда :-Қ.Байсейітов есімі киноактер ретінде де кеңінен танымал. Бұған оның «Қазақфильм» студиясында түсірген «Амангелді», «Жамбыл», «Тыныштық», «Мылтықты адам», «Ботагөз», «Шабандоз», «Даладағы қайың», «Асау Ертіс жағасында» атты фильмдері айғақ. Бір бойында әншілік, актерлік, режиссерлік өнерді қоса алып жүрген Қ. Байсейітов драматургия саласына да қалам тербеді. Қанекең Қуандық Шаңғытбаевпен бірлесіп, «Сәуле», «Беу, қыздар-ай» пьесаларын сахнаға қойса, «Құштар көңіл» атты кітабын жазып, көпшілікке өзі жайлы бір үзік сырды жария еткендгі айтылды. Шараға 25 адам қатысты.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ