Ерлік елге мұра-ұрпаққа ұлағат
Дата: 13.03.2020 | |
Просмотры: 210 | Печать страницы |

Биыл, Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына -75 жыл толуына орай, 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2020 жылы 13 наурыз күні «Ерлік елге мұра-ұрпаққа ұлағат»атты кітап көрмесін ұйымдастырып, көрмеге .библиографиялық шолу жасалды. Бұл сол кездегі кеңес халқының өшпес ерлігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Жеңіс күні-халқымыздың жанқиярлық ерлігі мен қаһармандықтың символы. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін көрсетті. Басқа халықтармен бірге иық тіресе біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасты. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам-Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды. Мақсаты: Оқушыларға өз елінің батырларының ерліктерін есте сақтау, олардан үлгі алу, Отанды қорғау, елін, жерін, отансүйгіштіке тәрбиелеу сынды тарихи дәстүрлерді жалғастыруды насихаттау. Кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрды: «Естен кетпес отты жылдар», «Ерлік елге мұра - ұрпаққа ұран», «Майдан мен тылдың мызғымас бірлігі» 20-ден астам кітаптар, фотоальбомдар, газет-журналдар мен суреттер қойылды. Атап айтқанда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың үлесі, олардың ерліктері жайлы мәліметтер берілген Ә.Нұршайықовтың «Әскери күнделік», «Ақиқат пен аңыз» Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас», «Генерал Панфилов», Ұлы Отан соғысында қазақ тапқан жауынгерлер туралы және Талдықорған облысы бойынша майданға аттанып, содан қайтып оралмаған боздақтар жайында жазылған «Боздақтар»-ескерткіш кітабы қойылды. Ұлы Отан соғысындағы майдангерлердің, тылда аянбай еңбек еткен азаматтардың бүгінгі ұрпаққа үлгі етерлік ерлігі тарихта өшпестей із қалдырып, халқымыздың жадында мәңгілік сақталады.