Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Амал келді – жыл келді

Дата: 13.03.2020
Просмотры: 185 Печать страницы
Амал келді – жыл келді

   14 наурыз көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман – есен шыққанына қуанып, бір – бірімен қол алысады. Таң атысымен көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындап қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол осы жылға аман – есен жетуіңмен  дегенді білдіреді. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп көрісіп үлгеруі керек. Бұл  жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым - қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.

Міне осы салт – дәстүрімізді жаңғырту мақсатында қалалық №2 кітапхана филиалы 13 наурыз күні «Амал келді – жыл келді» деген тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды, көрмеге қазақтың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы туралы әдебиеттер қойылып, шараға келген кітапхананың түрақты оқырмандары бір – бірімен көрісіп, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипаттарын білдірді.

Мақсаты: Қазағымыздың салт – дәстүрінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру, қазақтың салт – дәстүрін көрсете отырып үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, сыйластыққа баулу

 

 

 

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ