Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу

Дата: 12.03.2020
Просмотры: 183 Печать страницы
Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу

14 наурыз – Көрісу  күні. Адамдар бұл күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман-есен жеттік деп, дастархан  жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Осы  Амал мерекесіне орай, «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасы №6, №7, №8 кітапхана филиалдары ұжымының  ұйымдастыруымен  2020 жылы 12 наурыз күні «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» атты  әдеби-этнографиялық кеші өтті. Шараға көпшілік оқырмандар  мен  ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында: Кітапхана кызметкерлері А.Кадырова, К.Табылдинова мен Ж.Тынышбаева қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрлерімен  жасы үлкен қонақтарға  сәлем беріп,  «Жасыңыз  құтты болсын!», «Жасыңызға  жас қосылып, ғүмырыңыз  ұзақ болғай!» деп тілек айтады құшақ жая қарсы алып, меймандардың отбасына  амандық-саулық, құт-береке тілейді.  Кітапхана меңгерушісі А.Кадырова Көрісу  немесе Амал мерекесі жайлы   кең көлемде мағлұмат беріп, тоқталып өтті. Әжелеріміз Кенжебеков Любовь, Демидова Күлғайша, Искакова Загорья Ш.Қалдаяқовтың «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең» әндерін орындап, мың бұралып «Қара жорға» биін биледі. Іс-шараның мақсаты кеш қонақтарына қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі - Көрісу күнінің немесе Амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру, ұлттық дәстүр туралы білімдерін одан әрі дамыту және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу. «Ұрпақ азбасын, дәстүр тозбасын»,- деп «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» атты әдеби- этнографиялық кешімізді қорытындылай отырып, осы кешке арналып жайылған дастарханнан конақтар дәм татып, кештің шымылдығын үлкен батамен жаптық. Шараға 20 адам қатысып, нәтежесінде кітапханаға 4 жаңа оқырман жазылып, үйге 4 кітап берілді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ