"От кешкен жылдар"
Дата: 03.05.2023 | |
Просмотры: 44 | Печать страницы |

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 3 мамыр күні «От кешкен жылдар» атты тарихи сағат кітапхана оқырмандарымен өтті. Аталмыш шара Қазақстанның халық қаһарманы, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың бір турар даңқты перзенті Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл толуына орай өткізілді.
Шара барысында аңыз атамыздың өмір жолы, ерлік жолы туралы айтылды.
Оқырмандар арнайы қойылған кітап көрмесімен таныстырылды.