Жемқорлық -жегі құрт
Дата: 26.04.2023 | |
Просмотры: 30 | Печать страницы |

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 26 сәуір күні «Жемқорлық жегі құрт» атты ақпарат сағаты кітапхана оқырмандарымен өтті.
Шараға №21 мектептің 7 сынып оқушылары, Өтенай ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Шара барысында жастарға бүгін де елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырған жемқорлық туралы, онымен күрес, алдын алу туралы кең көлемде мағлұмат берілді. Шараның мақсаты: Жас ұрпақтың бойына, санасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру.