"Кітап ФЕСТ-2023" кітап фестивалі
Дата: 21.04.2023 | |
Просмотры: 69 | Печать страницы |

2023 жылдың 21 сәуір күні Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 23 сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «КІТАП ФЕСТ - 2023» атты кітап фестивалін ұйымдастырды. Шараға Талдықорған қаласының мектеп оқушылары, колледж білімгерлері және кітапхана қызметкерлері қатысты. Кітап фестивалінде қызыққа толы бағдарламалар дайындалды. Шара шымылдығын Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Сейтжанова Күлпан Калкенқызы ашып, ақыл кені болған кітаптың құндылығына тоқталып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру жайында сөз қозғады. Фестиваль аясында кітапхана қызметкері «Кітаптың шығу тарихы» жайлы қызықты ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар оқушылар арасында «Білгірлер бәйгесі» интеллектуалды ойыны, «Поэзия пати» көркемсөз жарысы, «Бір ел бір кітап» акциясы аясында Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасын талқылау, «Қуыршақтар театры» қойылымдары, «Жаңа кітаптарға» шолу және әртүрлі балалар әдебиетінен құралған кішкентайларға арналған «БУУК меню» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңында белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар табысталып, жеңімпаздарға сыйлықтар беріліп, қонақтармен естелік суретке түсті. Аталмыш шара кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, кітап оқуға тарту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту мақсатында өткізілді.