"Ғажайып ғарыш әлемі"
Дата: 12.04.2023 | |
Просмотры: 58 | Печать страницы |

2023 жылдың 12 сәуірінде В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында кітапхана қызметкерлері облыстық «Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп интернатының» оқушыларымен 12 сәуір ғарышкерлер күніне орай «Ғажайып ғарыш әлемі!» атты танымдық сағатын өткізді. Мақсаты: оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту, Еліміздің мақтаныштары-қазақ ғарышкерлерімен таныстыру. Оқушыларға ғарышкер өмірінен мағлұмат беру, ойын дамыту. Ой-өрісін кеңейтіп, оқушылардың сөздік қорын байытып, тіл байлығын молайтып, ойлауға, армандауға баулу.