"Бір ел бір кітап" акциясы аясында кітап көрме
Дата: 11.04.2023 | |
Просмотры: 40 | Печать страницы |

2023 жылдың 11 сәуір күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында кітапхана оқырмандарына «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың жазушысы, драматург, қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларына арналған кітап көрмесі таныстырылды.
Кітап көрмесіне Т. Әбдіктің «Өліара», «Айтылмаған ақиқат», «Әке», «Таңдамалы», «Қонақтар», «Оң қол» кітаптары қойылды.
Кітапхана мамандары көрмені тамашалауға келген оқырмандарға жазушының шығармаларының ерекшеліктері, шығарма кейіпкерлерінің дара, табиғи болмыстары жайында айтып, «Оң қол » шығармасына кеңірек тоқталып өтті. Төлен Әбдіктің шығармаларының ерекшелігіне, кейіпкерлерінің образдарына, философиялық құндылығымен шығармаларының жазылу тіліне тоқталды. Жазушының «Әке», «Ақиқат», «Көкжиек» повестері мен «Оң қол», «Қонақтар», Өліара", "Ақшоқыда қыс қатты", "Парасат майданы" шығармалары қазақ әдебиетінде жоғары бағаланғаны аталып өтілді.