Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Қыз өссе, елдің көркі» әдеби – сазды кеш

Дата: 11.03.2020
Просмотры: 138 Печать страницы
«Қыз өссе, елдің көркі» әдеби – сазды кеш

Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрметтеп, тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген, қыздарын болашақ ана, алдағы  ұрпақ жалғастырушы деп, қыздар мен бойжеткендер, апа – әжелерге үлкен құрметпен қараған. Осыған орай наурыз айының 4-ші жұлдызында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №2 мектептің 6 а сынып оқушыларымен «Қыз өссе, елдің көркі» атты әдеби – сазды кеш өтті. Мақсаты: 8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету. Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу, аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.Мерекелік кешті кітапхана меңгерушісі  Надамгүл Шерниязқызы құттықтау сөзімен ашты. Кеш  «бір   қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар» мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесінің тарихымен таныстырудан басталды.  Кітапханашы Ф.Жакупова «Дүйім дүниенің, жалпақ жалғанның бар асылын, бар ғаламатын сыйласақ та, ана алдындағы қарызымыз өтелмес. Ана – жанымыздың бір бөлшегі іспетті. Қиналғанда, қуанғанда есімізге ең алдымен абзал ана түседі. Анадан туған ақындар ең асыл сөздерді анаға арнаған!  - деп айтып өтсе, оқушылар  аналарға арналған өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды. Шара  6 а сыныбының ұлдарының      орындауында «Мама» әнімен аяқталды. Кешке 25 оқушы қатысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ