"Салауатты өмір - нұрлы болашақ"
Дата: 06.04.2023 | |
Просмотры: 66 | Печать страницы |

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 7-сәуір - Бүкіләлемдік денсаулық күні қарсаңында «Салауатты өмір-нұрлы болашақ» атты пікір алмасу өтті.
Мақсаты: жастарды салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, бағалы байлық денсаулық екендігін түсіндіру.
Шара барысында жастарға салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Денсаулық- баға жетпес байлық» екенін ұғындырып, салауатты өмір салты- бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға арналған іс-әрекет жайлы айтылды. Салауатты өмір салтына спорт, дұрыс тамақтану, дұрыс режимде ұйықтау, шылым және алкогольді заттардан бас тарту жайында айтылды.