"Үздік жас кітапханашы-2023"
Дата: 05.04.2023 | |
Просмотры: 64 | Печать страницы |

2023 жылдың 5 сәуір күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Үздік жас кітапханашы-2023» атты жас кітапханашылар арасында байқау өткізілді.Байқаудың мақсаты: дарынды және шығармашылық жұмыс істейтін кітапханашыларды анықтау және қолдау, инновациялық қызметті ынталандыру, кәсіби байланыстарды дамыту және кеңейту, кітапханалардың заман талабына сай дамуына, жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерінің енгізілуіне ықпал ету. Байқауға В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының кітапханашысы – Солтанбек Ерсұлтан, қалалықорталық балалар кітапханасыныңжоғарғы сынып оқырмандарына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы – Сапбек Мадина, қалалық балалар кітапханасыныңжоғары сынып оқырмандарына қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі - Ынтымақ Сұңқар, қалалық №2 кітапхана филиалының меңгерушісі – Асхатқызы Айым қатысты. Байқауда «Менің таңдауым-кітапхана», «Мен кітапханашымын», «Кітапханашының өмірінен бір күн» тақырыбында эссе жазу, ұзақтығы 1-3 минуттық «Кітапханашы келбеті» тақырыбында бейнетаныстырылым, «Идеям бар...» жоба қорғау, «Өнерліге өріс кең» өнер көрсету және кітапханашының кәсіби біліктілігін анықтау бойынша тапсырмаларды орындады. Байқаудың әділ бағасын беру үшін Талдықорған қаласының мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы-Алинов Әділ Исаханұлы, «Талдықорған қаласының кітапханалар жүйесі» -нің директоры Сейтжанова Күлпан Қалкенқызы және №8 кітапхана филиалының меңгерушісі – Қадырова Айгүл Қазтайқызы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі Ынтымақ Сұңқар, «Ұтымды ой зергері» номинациясын қалалық №2 кітапхана филиалының меңгерушісі Асхатқызы Айым, «Сұлу сөз, көркем ой» номинациясын балалар кітапханасының кітапханашысы Сапбек Мадина және «Өнерлі өр иесі» номинациясын қалалық кітапхананың кітапханашысы Солтанбек Ерсұлтан иеленді. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.