"Кітап-ақылшың, әрі досың"
Дата: 03.04.2023 | |
Просмотры: 53 | Печать страницы |
Кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі. Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы. Кітап – білімнің бұлағы болса, кітапхана – рухани байлықтың ордасы. Осы орайда 2023 жылдың 3 сәуірінде В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында кітапхана оқырмандарымен «Кітап-ақылшың, әрі досың» атты бук-травел ұйымдастырылып, балаларға арналған әдебиеттерге шолу жүргізілді.