Шебер қол ештеңені талғамайды
Дата: 27.03.2023 | |
Просмотры: 45 | Печать страницы |

2023 жылы №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында наурыз айының 27-ші жұлдызы күні клуб мүшелерінің қатысуымен «Шебер қол ештеңені талғамайды» - атты тоқыма тоқу сағаты өтті. Мақсаты: Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы – тоқыма өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа, түр беріп, сәндік қолөнерді дамыту, қазақтың қолданбалы қолөнері, тоқу өнері жайлы мағлұмат беріу, тоқыма түрлерімен таныстыру, тоқыма тоқу технологиясын үйрету.