Қазақ сахнасының саңлағы
Дата: 25.03.2023 | |
Просмотры: 34 | Печать страницы |

Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр саласында талай образдарды сомдаған қайталанбас өнер иесі Бикен Римованың туғанына 100 жыл толуына орай 2023 жылы 24 наурыз күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен №21 орта мектептің 6 «а» сынып оқушылары арасында «Қазақ сахнасының саңлағы» атты әңгіме сағатын өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Халық әртісі Бикен Римова жайлы қызықты сұрақ-жауаптар қойылды. Мақсаты: Сахна саңылағы-Бикен Римованың ерлікке, батылдыққа, даналыққа толы өмірі және шығармашылығын жас ұрпаққа жеткізіп, маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыру.