«Бір ел-бір кітап» акциясы
Дата: 25.03.2023 | |
Просмотры: 34 | Печать страницы |

Биыл «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері - Төлен Әбдіковтің шығармаларын оқу бекітілген.
Осыған орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2023 жылы 20 наурыз күні «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында кітап көрмесі безендіріліп, көрмеге жазушының шығармалары қойылды. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды. Мақсаты: Жазушы Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын аттыру, жазушының рухани мұрасы жайлы түсініктерін кеңейту, Отанға деген құрмет пен махаббат сезімдерін ояту, мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу.