Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Қазақтың Төлегені»

Дата: 11.03.2020
Просмотры: 182 Печать страницы
«Қазақтың Төлегені»

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 10 наурыз күні  көрерменнің көз айымы болған «Қыз Жібек» фильмі арқылы қазақтың Төлегені атанған кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі Құман Нұрмағанұлы Тастанбековтың туғанына 75 жыл толуына орай «Қазақтың Төлегені» атты портрет кеші кітапхана оқырмандары арасында өтті. Шараға №21 мектептің 8 сынып оқшылары, Өтенай ауылдық  мәдениет үйінің әдіскері Қожақанова  Ләззәт Махаметовна қатысты.

Шара барысында оқырмандар танымал тұлғаның өмірі мен шығармашылығын кеңінен танысты. Құман  Нұрмағанұлы «Қыз жібек» фильмінен басқа да  «Адам-жел», «Аққулар жаңғырығы», «Ағамның қалыңдығы»,  «Біздің Ғани», «Қосымша сауалдар, «Қыс – суармалы кезең емес», «Махамбет», «Мұнда аққулар ұшып келеді», «Кімсің сен, салт атты?», «Қараша қаздар қайтқанда», «Алаң жиегінде»,  «Провинциалды роман», «Өрнек» сияқты көптеген киноларға түскені. Оның «Қыз Жібек» фильмі өнеріннің төлқұжатына айналғандығын, Құман ағамызды өнеріне келбеті келіскен  қазақтың нағыз нар тұлғасы, дарабозы, нағыз тарланы екені айтылды. Шара барысында сөз кезегін алған сөз алған Мәдениет үйінің әдіскері Л.Қожақанова:- Құман Тастанбеков қазақтың әйгілі режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтің мектебіннан бастаған Театр саханасында  М. Әуезовтің «Абайында»-Айдар, «Айман-Шолпанында»-Әлібек, «Қарагөзінде» - Нарша, «Еңлік-Кебекте» -Абыз, О. Бөкеевтің «Құлыным меніңдегі» - Жан, «Вьетнам жұлдызындағы» - Ұшқыш, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» - Тәңірберген, Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» - Ақан, С. Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында»  - Шоқан, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» - Қасым,  «Ақ кемесінде» - Құлбек,  Е. Домбаевтың «Біздің кластың қыздарында» - Төлеген  т.б. кейіпкерлерді өз биігіне жеткізе сомдағанын айтты. Көрерменнің көзайымына айналған  тұлғаны халқы мәңгі есте сақтайды-деді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ