Алғыс айту-асыл қасиет
Дата: 02.03.2023 | |
Просмотры: 52 | Печать страницы |

2023-ші жылдың наурыз айының 2-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұжымы «Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатына» барып, «Алғыс айту-асыл қасиет» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, алғыс туралы кеңінен түсінік беру. Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.