Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Дата: 06.03.2020 | |
Просмотры: 208 | Печать страницы |

Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 6 наурыз күні «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты әдеби сазды кеш №23 мектептің 7 сынып оқушыларымен өткізілді. Шара Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер ұстаз-аналар мен ару қыздарды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу. ұстаз-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету мақсатында өткізілді. Даулетбек Маржанның «Асыл әжем», Темірбек Айару «Арулар асыл жандар» әндерін нақышына келтіре орындап, кешке қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Аналар балаларға алғыстарын айтып ризашылықтарын білдірді.