Қазақ халқының салт-дәстүрлері өткені мен бүгіні
Дата: 24.02.2023 | |
Просмотры: 36 | Печать страницы |

2023 жылы 24-ақпан күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында «Қазақ халқының салт-дәстүрлері өткені мен бүгіні» атты сторителлинг өтті. Іс-шара барысында кітапханашы К.Жұмаділқызы қазақ халқының салт-дәстүріне кең көлемде тоқталды. Сондай-ақ, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін еліне адал қызмет ететін, заман өзгерсе де, ұлттық салт – дәстүріміз ескірмейтіндігін еске салды. Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық дәстүрлерден үлгі алуға баулу, өз ұлтына әдет – ғұрып, салт – дәстүрге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.