"Қазақ әдебиетінің хас шебері-Төлен Әбдік"
Дата: 23.02.2023 | |
Просмотры: 60 | Печать страницы |

2023 жылдың 23 ақпан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Білім» инновациялық колледжінің 1-2 курс білімгерлерінің қатысуыменен заманымыздың заңғар ойлы, зергер зейінді, зиялы жазушыларының бірегей жампозы, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларына арналған «Қазақ әдебиетінің хас шебері-Төлен Әбдік» атты оқырман конференциясы өткізілді. Мақсаты: Төлен Әбдіктің шығармашылығына оқырмандардың қызығушылығын ояту, жалпыадамзаттық құндылықтарға деген дұрыс қарым-қатынасын оқырмандардың жазушы өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, жазушының рухани мұрасы жайлы терең зерттеуге ынталандыру. Аталмыш шараға «Ардагерлер үйінің» әдістеме бөлімінің меңгерушісі: Г.А.Каримова, қаланың психологтары: С.Джумабаева, С.Әбдікаримова қатысып, Төлен Әбдіктің шығармашылығы жайлы қызықты ақпараттармен бөлісті.