‘’Кітапханаға кітап сыйла’’
Дата: 21.02.2023 | |
Просмотры: 41 | Печать страницы |

Құрметті оқырмандар ‘’Кітапханаға кітап сыйла’’ акциясы жалғасуда. "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы аясында кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, кітап мәртебесін көтеру, жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында Джумабаева Салтанат В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының кітапхана қорына түрлі тақырыптағы туындыларды сыйға берді. Айта кетсек: Мұхтар Мағауиннің ‘’Көкбалақ’’, Мұқан Байсейітовтың ‘’Уақыт-Дария’’, Сандуғаш Малғажарқызының ‘’Жоламан ауылына жарты ғасыр’’, Жабал Ерғалиевтің ‘’Бұлтты түнгі толған ай’’, Телжан Шопанұлының ‘’Бес томдық шығармалар жинағы’’кітаптарын алып келді.
Егерде акциямызды қолдап, кітаптарыңызға екінші өмір сыйлағыңыз келсе, сіздер үшін кітапхана есігі ашық. Біздің мекен-жайымыз: Жастар ш/а 9А