Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Аяулы менің анашым!

Дата: 06.03.2020
Просмотры: 155 Печать страницы
Аяулы менің анашым!

8-наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен 2020 жылы наурыз айының 6-шы жұлдызы күні «Аяулы менің анашым» деген тақырыпта мектептің оқушыларының қатысуымен әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шара барысында :

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар, - деген өлең шумақтарын келтіре отырып, барша әйел қауымын көктеммен бірге жеткен мерейлі мерекелерімен  3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының меңгерушісі К.Табылдинова  кітапхана ұжымының атынан құттықтады! Әдеби-сазды кеш мектеп оқушыларының қатысуымен өтті. Асан Аделья «Ақ мамам» әнін орындаса, Қасымхан  Ақнұр мен Қасымхан Балнұр, Иманғазы Нұрасыл, аналарға арналған өлең шумақтарын тарту етті. Джатрыбай Алиби сатирик Жүрсін Ерманның «Өмірдің мәні әйелде!» сатирасын, Батырхан Ділшат Т.Молдағалиетің «Әйел сенің ақылшың!» сондай-ақ,  әже, апа, ана туралы өлеңді жатқа айтып,  өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік думанға бөледі.  Шараның басты мақсаты: Баланың ата-анаға құрмет көрсетуі, ана құдіретін, өмірдегі алатын орнын айта отырып, аналарға алғыс айтыумыз керектігін оқушы бойына сіңіру, ақ жаулықты әжелермен аналарды мерекелерімен құттықтау.Жасөспірімдердің бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық, парасатты, мейірімді болуға тәрбиелеу. Шара соңында кешке келген қонақтар өздерінің  жылы лебіздерін білдіріп, ақ баталарын берді. Аналарға  арналып  жайылған дастарханнан  дәм  татты.

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ