"Мамандық әлеміне саяхат" тренинг
Дата: 16.02.2023 | |
Просмотры: 42 | Печать страницы |

2023 жылдың 16 ақпан күні В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының облыстық № 1 балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешенінің 9-10 сынып оқушыларымен «Мамандық әлеміне саяхат» атты тренинг өткізілді. Аталмыш шараға мектеп интернатының тәрбиешісі: З.Б.Жумагулова, педагог-ұйымдастырушысы-Т.Т.Тұрсынбаев және қаланың психологтары: С.Джумабаева, Ә.Әбдікәрім қатысты. Тренингтің мақсаты: мамандық таңдау кезінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу және адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Оқушы жеке тұлғасының бәсекелестік қабілетін, өзінің қалауына сай белгілі бір еңбек әрекетіне дайындық білімділігін қалыптастыру.Оқушының түрлі еңбек жағдайына араласуға деген тәрбиелік ұмтылысын қалыптастыру. Шараға: 16 адам қатысты.