"Ғибратты ғұмыр"
Дата: 15.02.2023 | |
Просмотры: 39 | Печать страницы |

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 15 ақпан күні көркем сөз өнерiнiң көрнектi өкiлi, қазақтың ақтангер ақындарының бiрегейi, әйгiлi Шал ақынның туғанына биыл 275 жыл толуына орай «Ғибратты ғұмыр» атты тақырыпта тұлғатану сағаты өтті. Шараға №21 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Жастарға шын аты Тілеуке Құлекеұлының жаудан жаны шайлықпас батыр да, дауда орыс, қазақты таңдантқан орақ тiлдi шешен, байыпты туған саясаткер де болып өткен дарабоз екендігі айтылды. Тілеуке Құлекеұлының өмірі мен "Шал ақын" деп танылуы жәйлі ақпарат берілді.