Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Ана – өмір шуағы

Дата: 06.03.2020
Просмотры: 182 Печать страницы
Ана – өмір шуағы

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арнап қалалық №2 кітапхана филиалы «Ана – өмір шуағы» деген тақырыпта мерекелік кеш өткізді.

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарға құрмет көрсету әр адамның перзенттік парызы. Ана – ұлы өмірдің туын көтерген, алауын жаққан ардақты жан. Батыр да, алып та, ақын да, қайраткер де – Ананың ақ сүтінен нәр алған. Кәзіргі кезде қоғамның кез келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Әйелдер ел алдында түрлі саланың қызметкерлері болса, ал отбасында – аяулы ана, асыл жар, шаңырақтың шаттығы, отбасының ұйтқысы, бақыт пен берекенің көзі содықтан да көктемнің шуақты мерекесі әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысы деп қарсы аламыз.

Шараға қатысқан №25 мектептің 6 а сынып оқушылары аналарға өздері арнайы дайындаған ән – билерінен шашу шашып мереке шырайын асқақтата түсті. Мерекелік кеш өте көңілді әрі тартымды өтті. Шараға 19 оқушы қатысты

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аяулы аналар мен ару қыздарды мерекесімен құттықтау, анаға деген мейірімділікті, сүйіспеншілікті арттыру, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау, парасатты, мейірімді болуға баулу, жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ