«Аналар – асыл жандар»
Дата: 05.03.2020 | |
Просмотры: 177 | Печать страницы |

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында Халықаралық әйелдер күніне орай 5 наурыз күні кітапхан оқырмандарымен әдеби караоке өтті.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен қыздарды мерекемен құттықтау. Жастарды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Кітапхана қызметкерлері осынау әсем мерекемен барша қатысушыларды құттықтады. Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келген бұл мерекенің орны бөлек. Әрқашан да аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан ортаймайды. Аналар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Аналар, қыздар мерекесі құтты болсын деген ыстық тілектерін айтты. Әдеби караоке барысында оқушылардың аналарға деген ілтипаттарын өлең-жырларымен, әсем билері арқылы жеткізді.