"Жемқорлық індет-күресу міндет"
Дата: 19.01.2023 | |
Просмотры: 37 | Печать страницы |

2023 жылдың қаңтар айының 19 күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Талдықорған қаласының №12 орта мектептің 8 сынып оқушыларымен "Жемқорлық індет - жою міндет" атты пікір алмасу сағаты өткізілді. Шарамызда оқырмандарға Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – ол сыбайлас жемқорлық туралы, оның- ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс екені айтылды. Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, "Жемқорлық" деген не екенін түсіндіру, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту, патриоттық тәрбие қалыптастыру. Шараға 23 адам қатысты.