«Әміре-ән көгінің айнасы»
Дата: 17.01.2023 | |
Просмотры: 32 | Печать страницы |

2023 жылдың қаңтар айының 17-де қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде № 2-ші орта мектептің 7 «А» сынып оқушыларымен атақты әнші, актер әрі музыкант Әміре Қашаубаевтің 135 жылдығына орай «Әміре-ән көгінің айнасы» тақырыбында портрет кеші өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарды Әміре Қашаубаевтың өмір жолымен таныстырып, өнерінен сыр шерту. Олардың ой-өрісін, өнерге деген көзқарасын кеңейту, шығармашылық қабілетін ұштау. Өнер, ән құдіретін бағалай білуге баулу, қазақ халқына тән адамгершілік қасиеттерді, өнерге деген сүйіспеншілікті бала бойына сіңіру.