«Су моншақтан гүл тоқу»
Дата: 13.01.2023 | |
Просмотры: 58 | Печать страницы |

2023 жылдың қаңтар айының 13-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Шебер қолдар» үйірмесінің қатысушыларына «Су моншақтан гүл тоқу» атты шеберлік сабағы өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға моншақтан гүл тоқуды үйрете отырып, шеберлік деңгейін арттыру. Олардың эстетикалық талғамын тәрбиелей отырып, тиянақтылыққа баулу.