"Ана-әлемдегі ардақты жан"
Дата: 04.03.2020 | |
Просмотры: 170 | Печать страницы |

Ана - қасиетті де, киелі есім! Ана! Бұл фәнидегі кіршігіне кір жұқпаған жалғыз құдіретті ұғым. Ана — әлемдегі ең ардақты да, аяулы жан. Осы орайда, 2020 жылдың 5 наурыз күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында №16 орта мектеп гимназиясының оқушылары мен «Жыр жұлдыздары» клубының жас өнерпаздарының қатысуымен «Ана – әлемдегі ардақты жан» атты өлең-жыр сағаты өткізілді. Шарада бөлім меңгерішісі А.Егізтаева оқушыларға «Ана туралы» бейнеролик көрсетіп, слайдпен таныстырды. Сондай-ақ, оқушылар аналарына деген өлең жолдарын оқып, «Ана туралы жыр» атты әнін және «Қамажай» биін сыйға тартты. Оған қоса оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін ойын ойнатылды. Кеш нәтижесінде көрермен қауымнан клубқа қатысам деген қызығушылық пайда болды. Аталмыш шара оқушыларды Ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу, еңбегін қадірлей білуге үйрету мақсатында өткізілді.