«Тағдырдың кейбір кездері»
Дата: 15.12.2022 | |
Просмотры: 46 | Печать страницы |

2022 жылдың 15-ші желтоқсан күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде № 2-ші орта мектептің 6 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Тағдырдың кейбір кездері» тақырыбында жазушы бенефисі өткізілді. Шара халық жазушысы, драматург Дулат Исабековтың 80 жас мерейтойына арналған. Мақсаты: Оқырмандарды мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оларды жазушының туындыларын оқуға шақыру, кітап оқуға баулу.