Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым»

Дата: 14.12.2022
Просмотры: 117 Печать страницы
«Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым»

Қалалық орталық балалар  кітапханасы төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі 2022 жылдың желтоқсан айының   14-ші  жұлдызында  Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты ертеңгілік ұйымдастырды. Шараға № 2-ші орта мектептің 4-ші «Ә» сынып оқушылары   қатысты. 1986 жылғы «16 желтоқсан оқиғасы» негізінде жасалған бейнеролик көрсетіліп, оқушылар дайындаған театрландырылған  «Жер бесікті тербетем», «Бес арыс», «Елім-ай», «Түрме жыры»  қойылымдары көрсетілді. Сонымен қатар оқушылар патриоттық тақырыпта өлеңдер оқып, ән де шырқады.  Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Туған өлкемізге деген сүйспеншілігін, сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге, Отаның қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбилеу.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ