"Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы"
Дата: 15.12.2022 | |
Просмотры: 41 | Печать страницы |

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 15 желтоқсан күні «Тәуелсіздік- елімнің ерлік жолы» атты тарихи сағат кітапхана оқырмандарымен өтті. Мақсаты - жастарды еліміздің тарихи кезеңдеріндегі жүріп өткен жолы мен тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығын мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Шараға Желтоқсан оқиғасының күәгері Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің әдіскері Кенжебеков Қайрат Кенжебекұлы шақырылды. Аталмыш шара аясында Қайрат Кенжебекұлы оқырмандарға сонау тарих қойнауына кеткен 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы туралы әңгімелеп берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.