Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Жемқорлыққа жол жоқ

Дата: 11.12.2022
Просмотры: 34 Печать страницы
Жемқорлыққа жол жоқ

Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі-қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізуде. Осы  келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.

    «Парасат жолы» орталығының «Адалдық алаңы» жобасы аясында 9 желтоқсан-Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес күніне  орай  3-ші бөлімшедегі  №7 кітапхана филиалында 2022 жылы 9 желтоқсан күні  «Жемқорлыққа жол жоқ» деген тақырыпта студенттер мен жасөспірімдер арасында шок-урок өтті. Іс-шара барысында:  кітапханашы К.Жұмаділқызы сыбайлас жемқорлық-заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отырғаны анық. Бұрынғы  өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Мақсаты: Мақсаты:Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ