"Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті"
Дата: 02.12.2022 | |
Просмотры: 41 | Печать страницы |

2022 жылдың 2 желтоқсан күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында сторителлинг өткізілді. Шараға №18 мектептің 7 «а» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы С.Ынтымақ оқырмандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беріп, сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын себептер мен жағдайларды түсіндірді. Мақсаты: оқырмандарға «сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.