"Шебер қолдар, зерікпейтін ойлар"
Дата: 08.11.2022 | |
Просмотры: 35 | Печать страницы |

2022 жылдың 8 қараша күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында кітапхана оқырмандарымен «Шебер қолдар, зерікпейтін ойлар» атты квиллинг өткізілді. Шараның мақсаты: өзге елдер өнері квиллинг туралы мағлұмат беру, оның тарихымен таныстыру. Қағазды орау арқылы қажетті бұйымдар жасап үйрену, балалардың шығармашылық қабілетін, түс үйлесімін дұрыс таңдауды дамыту, өздігінен шығармашылық пен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, өнерге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін оятып, әсемдік талғамын қалыптастыру, ұқыптылыққа және шыдамдылыққа тәрбиелеу.