«Жүрек жылуын сыйлайық»
Дата: 03.11.2022 | |
Просмотры: 82 | Печать страницы |

Қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 2022 жылдың қараша айының 3-де Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының балаларымен «Жүрек жылуын сыйлайық» атты библиогид ұйымдастырылды. Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, рухани демеу көрсету, кітапханамен дос болуға шақыру.