«Қазақтың алғашқы суретші қызы – Айша Ғалымбаева»
Дата: 27.10.2022 | |
Просмотры: 67 | Печать страницы |

Қазақстан халық суретшісі, Қазаақстан Республикасы Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері. Оның есімі Республиканың құрметі Алтын кітабына жазылған. Қазақстан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған. Айша Ғарифқызы Ғалымбаева туғанына 105 жыл толуына орай Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 6 қазан күні «Қазақтың алғашқы суретші қызы – Айша Ғалымбаева» атты слайд-галереясын көпшілік оқырман қауымның назарына ұсынып отырмыз. Мақсаты: Суретшінің өмірі мен шығармаларын дәріптеу, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой-өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.