Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Мәңгілік Ел: бір ел- бір тағдыр!

Дата: 28.02.2020
Просмотры: 143 Печать страницы
Мәңгілік Ел: бір ел- бір тағдыр!

2015 жылдың 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, осы жарлыққа сәйкес көктемнің алғашқы күнінде Қазақстан халқы  Алғыс айту күнін атап өтуде.

Алғыс айту күні - ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Осы мерекеге орай 2020 жылы 28 ақпан күні 3-ші бөлімшедегі №7  кітапхана филиалында «Мәңгілік Ел: бір ел- бір тағдыр!» деген тақырыпта строителлинг мектеп оқушылары арасында өтті. Шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандары Әмірбай Диана, Балтабаева Ардақ, Джартыбай Аліби, Иманжан Мерей, Иманғазы Нұрасыл және Ақнұр мен Балнұр т.б. ақындардың  Отанға, туған жерге, табиғат, ата-әжеге  арналған   өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп жатқа оқыды. Шараның басты мақсаты: Оқушыларға  «Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Кітапханадағы алғыс айту күні өте көңілді де, қызықты өтті.

 

 


 

JPG
: JPG
: 355.8 KB
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ