«Жүректен-жүрекке»
Дата: 27.02.2020 | |
Просмотры: 162 | Печать страницы |

27 ақпан күні Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында көктемнің алғашқы күнімен келетін адамдарға жылулық сыйлайтын мереке «1-наурыз алғыс айту күніне» орай «Жүректен-жүрекке» атты әңгіме сұхбат №21 мектептің 8 сынып оқушылары арасында өтті.
Мақсаты: Жастарға «сыйластық» құндылығы, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру. Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілік, сыпайылық қарым қатынастарды бойына сіңіре отырып, әдепті, кішіпейіл, ізетті болуға шақыру.
Шара барысында «Алғыс айту күні» – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда қиыншылықтарды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне деген құрмет білдіретін күні екені айтылды. Сонымен қатар оқушыларға адам бойындағы асыл қасиеттер; «сыйластық», «адамгершілік» «ризашылық», «рахмет», алғыс туралы түсініктер берілді.