"Ұлты ұлықтаған - Әуезов"
Дата: 28.09.2022 | |
Просмотры: 36 | Печать страницы |

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 28 қыркүйек күні «Ұлты ұлықтаған - Әуезов» атты әдеби кеш қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР - ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жылдық мерейтойына орай өтті.
Мақсаты: Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеу, шығармаларын насихаттау.
Шара барысында балаларға жазушының өмірі мен шығармашылығынан толық ақпарат берілді. Балаларға Әуезовтың туындылары «Көксерек», «Кінәмшәл бойжеткен», «Қилы заман» т.б шығармалары насихатталды. Шараға арнайы «Абайды танытқан әлемге...» атты кітап көрмесі қойылып, оған библиографиялық шолу жасалды. Шараға 16 адам қатысты.
https://www.instagram.com/p/CjCfkntjHLc/?utm_source=ig_web_copy_link