"Кітап тайм-2022"
Дата: 23.09.2022 | |
Просмотры: 123 | Печать страницы |

2022 жылдың 23 қыркүйек күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Кітап тайм-2022» жалпы республикалық кітап фестивалі өткізілді. Шараға Талдықорған қаласының №12 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары, «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері және кітапхана қызметкерлері қатысты. Кітап фестивалі қатысушыларына қызыққа толы бағдарламалар дайындалды. Шара шымылдығын Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Сейтжанова Күлпан Калкенқызы ашып, ақыл кені болған кітаптың құндылығына тоқталып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру жайында сөз қозғады. Фестиваль аясында кітапхана қызметкері «Кітаптың шығу тарихы» жайлы қызықты ақпаратпен бөліссе, оқушылар арасында «Тапқыр болсаң тауып көр» кинодан үзіндіні табу, «Әдебиет әлеміне саяхат» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері: Веснин Эдуард, Иванова Ангелина, Заритовский Рустем «Менің сүйікті кейіпкерім» атты сурет байқауына қатысып, салған кейіпкерлері жайлы ойларымен бөлісті. Фестиваль №19 мектеп-гимназиясының оқушысы Сауран Өмірғалидің «Мен қазақтың ұлымын» атты әнімен жалғасып, оқушылардың әдемі биімен аяқталды. Шара соңында белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар табысталып, жеңімпаздарға сыйлықтар беріліп, қонақтармен естелік суретке түсті. Аталмыш шара кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, кітап оқуға тарту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту мақсатында өткізілді.