"Қазақ халқының алып тұлғалары"
Дата: 26.02.2020 | |
Просмотры: 151 | Печать страницы |

2020 жылдың 26 ақпанында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында Талдықорған қаласының «Білім» колледжі және Талдықорған қаласының Сервис және Технология колледжінің білімгерлерінің қатысуымен қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы – Сәбит Мұқановқа 120 жыл, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Парасат орденінің иегері – Әбу Сәрсенбаевқа 115 жыл, тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі, ғалым, Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы – Мұхтар Мағауинге 80 жас толуына орай «Қазақ халқының алып тұлғалары» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шарада білімгерлерге тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беріліп, әр түрлі сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, білімгерлер қаламгерлер жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті.