Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Қазақ санасының шамшырағы"

Дата: 16.09.2022
Просмотры: 37 Печать страницы


2022 жылдың  13 қыркүйек  күні  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында ірi ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушi, тюрколог, дарынды ақын - аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл  толуына  орай Талдықорған қаласының Жоғарғы политехникалық колледжінің білімгерлерінің  қатысуымен «Қазақ санасының шамшырағы» атты оқырман конференциясы өткізілді. Аталмыш іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырманы, зейнеткер-Жайдақбаев Тұрғайын,  «Ардагер әжелер» ансамблінің белді мүшесі, әншісі, бишісі, Талдықорған қаласының құрметті азаматы-Шара Бүркеқызы қатысты. Шара барысында Ахмет бабамыз жайлы қызықты мәліметтер айтылып, мысалдарынан үзінді оқылды. Сонымен қатар   әнші Шара Бүркеқызы «Аққұм» атты әнін орындады.   Мақсаты:  тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық  рухта тәрбиелеу.  Шараға:  45 адам қатысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ