"Менің пірім-Сүйінбай" атты қалалық байқауы
Дата: 25.02.2020 | |
Просмотры: 242 | Печать страницы |

2020 жылдың 25 ақпанында В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында 19-шы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыс ақыны, Алматы облысының Жамбыл ауданының тумасы Сүйінбай Аронұлының 205 жылдығына арналған «Менің пірім - Сүйінбай» атты қалалық байқауы өтті. Қала бойынша әр мектеп, колледж, университеттен үмітін арқалаған жас қатысушылар айтыскер ақынның «Менің пірім-Сүйінбай» атты ақынға арнауы мен «Бөрілі менің байрағым» атты айтыстарынан немесе жыр – толғауларынан жатқа үзінді оқыды. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген қатысушылар өздерінің «үздік» екендіктерін көрсету үшін барынша тырысты. Солардың арасында қарсыластарынан оза шауып, көрермен көзайымы болып, ерекше тиянақтылық танытып дайындалған Тұрдаш Мадина Маратқызы, Бейсенбай Гүлдана, Мұхаметқазы Ақтілек сынды үміткерлердің еңбектері ақталды. Қазылар алқасының мүшесі І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеттің ұстазы Оразбаев Шалқар Елісұлы сөз алып, әр қатысушының жақсы дайындалғанын, өлеңдердің нақышына келтіріп оқығандардың арасынан нағыз мықтыларды анықтау қиын болғанын айтып өтті. Алайда жарыс болған жерде жеңімпаз біреу. Өзінің ақындық шеберлігімен, сөз мақамымен бір ауыздан келісілген шешім бойынша қалалық байқаудың І дәрежелі дипломымен Тұрдаш Мадина, екінші дәрежелі дипломмен Бейсенбай Гүлдана, ал қалған үміткерлер алғыс хатпен марапатталды.