Тілім тілінбесін, елім бүлінбесін!
Дата: 07.09.2022 | |
Просмотры: 41 | Печать страницы |

Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында 2022 жылы қыркүйек айының 05 - ші жұлдызы күні, 05 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай "Тілім тілінбесін, елім бүлінбесін!" - атты дөңгелек үстел көпшілік оқырман арасында өтті. Мақсаты: Жас ұрпақты ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өресін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, жас ұрпақтың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйені айта алуға, еркін сөйлеуге баулу. Егеменді еліміздің жас қырандарын өз ұлтымыздың мәртебесін биік, ана тілінде таза сөйлеуге және баба рухынан, тілінен нәр алып, сусындап өсуіне тәрбиелеу.