«Аты аңызға айналған ұлы биші»
Дата: 17.08.2022 | |
Просмотры: 60 | Печать страницы |

2022 жылдың 16 тамыз күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы «Аты аңызға айналған ұлы биші» (биші Ш.Жиенқұловаға 110 жыл) танымдық сағатын өткізді. Мақсаты: мың бұралған биші Шара Жиенқұлованың өмірі мен өнерінен қызықты естеліктермен бөлісу. Би өнерінің іргетасын қалап, киелі де рухани дүниенің сырын ашып, талмас талап пен қажымас қайраттың үлгісін көрсеткен, халық артисінің өнер жолындағы жетістіктерімен танысу. Шара Жиенқұлова сахна мәдениетін, оның жан сұлулығын өте жақсы меңгерген,қазақ би өнерінің қалыптасуына үлесін тигізген.