"Тұла бойын асыл сөз жыр кернеген"
Дата: 21.07.2022 | |
Просмотры: 71 | Печать страницы |

Қалалық №2 кітапхана филиалы 2022 жылдың шілде айының 20-шы жұлдызында Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай «Тұла бойын асыл сөз жыр кернеген» атты жыр марафоны ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу. Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқырмандардың бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.
https://www.instagram.com/p/CgQiZnBqspP/?igshid=YmMyMTA2M2Y=